«HALAL EXPO-2024» КӨРМЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Биыл Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен төртінші рет өткізілген халықаралық «HALAL EXPO-2024» көрмесі өз мәресіне жетті.
Тараз қаласында өткізілген көрмеге шет елдік және отандық 70-ке жуық кәсіпорындар қатысты. Екі күн аясында 15 мыңға жуық адам көрмеге келіп, отандық және шет елдік халал өнімдермен танысты. Ұлт пен ұлыстардың басын қосып, өндірушілер мен тұтынушылардың арасын жалғаған халықаралық көрмеде 5 тоннаға жуық шұжық өнімдері, 4 тоннаға жуық құс өнімдері, 3 тоннадай кондитерлік өнімдер, 2 тоннадан астам жартылай фабрикаттар, 1 тоннаға жуық сусындар (кофе, шәй, сироптар), 5 тонна сүт өнімдері, 2 тоннаға жуық ет өнімдері сатылды. Сонымен қатар, көрменің нәтижесінде кәсіпорындар арасындағы әріптестік байланыс нығайып, өзара келісімшарттарға қол қойылды. Және де осы көрме аясында «Үздік кәсіпорын», «Халал – халық таңдауы», «Үздік маман» номинациялары бойынша кәсіпорындар мен халалдың мамандары марапатталды.
Көрме тұтынушыларға отандық және шет елдік кәсіпорындардың қызметімен танысуға, қолжетімді бағада халал өнімдерімен сауда жасауға мүмкіндік берді. Халал индустриясын дамыту, халықаралық байланысты нығайту, түрлі өнімдерді танытуда көпшіліктің көңілінен шығып, халықтың оң бағасын алған халықарылық көрме келер жылы да жалғасын табады.
з қаласында кеше басталған болатын.