Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 қыркүйек 2025

27

Жаңалықтар

«HALAL EXPO 2025»: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

Алматыда өтіп жатқан «Halal EXPO 2025» халықаралық көрмесі шеңберінде халал стандарттау мен сертификаттау саласына жауапты ұйымдардың өкілдері қатысқан гибридтік форматтағы маңызды жиын ұйымдастырылды.

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Қасболатұлының төрағалығымен өткізілген жиынға Ресей мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халықаралық халал стандарттау және сертификаттау» орталығының директоры Айдар Газизов, Белоруссия мұсылмандары діни басқармасының найб мүфтиі әрі «БелХаляль» стандарттау және сертификаттау орталығының директоры Рустам Хасенеевич, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, сондай-ақ Моңғолия, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінің өкілдері онлайн қатысты.

Ермек Қасболатұлы өз сөзінде: «Бүгінгі жиын – мұсылман елдерінің халал индустриясын дамытудағы ортақ қадамдарының айғағы. Ынтымақтастығымыз тұтынушылардың сенімін арттырып, халал стандарттарының әлемдік деңгейде мойындалуына жол ашады», – деп атап өтті.

Кездесу барысында тараптар халал индустриясын халықаралық деңгейде дамыту, тәжірибе алмасу, өзара мойындалатын стандарттарды енгізу және ортақ жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ болашақта бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру, ғылыми-тәжірибелік семинарлар өткізу және сертификаттау жүйелерін үйлестіру бағытында нақты келісімдер жасалды.

Жиын соңында қатысушылар «халал» өнімдеріне деген тұтынушы сенімін арттыру, әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету және біртұтас талаптарға негізделген халықаралық стандарттарды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу: