
«HALAL EXPO-2025» КӨРМЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Биыл Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бесінші рет ұйымдастырылған халықаралық «HALAL EXPO-2025» көрмесі өз мәресіне жетті. Алматы қаласында өткен ауқымды шараға шетелдік және отандық 100-ге жуық кәсіпорын қатысты. Екі күн ішінде 20 мыңға жуық келуші халал өнімдермен танысып, сауда жасады.
Халықаралық көрме аясында тұтынушыларға ұсынылған өнімдердің көлемі де айтарлықтай болды: 9 тонна сүт өнімдері, 5 тонна ет өнімдері, 4 тонна құс еті, 8 тоннадай кондитерлік өнімдер, 5 тоннаға жуық шұжық өнімдері, 3 тоннадан астам жартылай фабрикаттар, 4 тоннаға жуық сусындар (кофе, шай, сироптар), 2 тоннаға жуық емдік-профилактикалық өнімдер және 1 тоннадан астам фаст-фуд өнімдері сатылды.
Сонымен қатар, көрме нәтижесінде шет елдік және отандық кәсіпорындар арасында әріптестік байланыстар нығайып, өзара келісімшарттарға қол қойылды. Арнайы марапаттау рәсімінде «Үздік халал кәсіпорын», «Үздік маман» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.
«HALAL EXPO-2025» көрмесі тұтынушыларға қолжетімді бағада сапалы халал өнімдерін ұсынумен қатар, халал индустриясын дамытуға, халықаралық байланысты нығайтуға зор үлес қосты. Қоғам тарапынан оң бағасын алған бұл халықаралық шара келесі жылы да жалғасын табады.