Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

29 шілде 2021

55

Жаңалықтар

"ХАЛАЛ" КОМИТЕТПЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Бүгін, Татарстан мұсылмандары діни басқармасы "Халал" стандарттау комитетінің төрағасы Шляпошников Аббяс Фатихович пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты "Халал Даму" стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы өзара достық және ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.

"Халал" комитетпен "Халал Даму" арасындағы меморандум екі мекеменің халал сертификатын өзара мойындауға, сертификатталған өнімдерді ел арасында ешқандай кедергісіз еркін экспорттауға, бірлескен жобаларды жүзеге асырып, білім-ғылым, тәжірибемен алмасуға, халал мәселелері бойынша түрлі іс-шаралар мен оқу-семинарларын өткізуге, сондай-ақ тараптарды өңірлік және халықаралық деңгейде өзара ілгерілетуге мүмкіндік береді. Кеден одағына мүше елдер арасындағы тауар айналымның 30%-ға жуығын халал тағам өнімдері құраса, оның бір бөлігі Татарстаннан тасымалдануда. Отандық "QMDB HALAL" таңбасымен шығарылатын өнімдер де Ресей Федерациясына, Татарстанға экспортталады. Сондықтан екі сертификаттау мекемесі арасындағы меморандум табысты да жемісті нәтижелер көрсететіне сенемін!", – деген Айбек Асқарбекұлы бұл келісім екі елдің бірлігі мен бауырластығын нығайтуға ықпал ететінін мәлімдеді. 

"Халал" стандарттау комитетінің төрағасы Шляпошников Аббяс Фатихович діни саладағы көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіріп, бұл тарихи құжат екі мемлекеттің рухани және мәдени байланыстарына оң ықпал ететінін айтты. 

Бөлісу: