Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

29 наурыз 2023

91

Жаңалықтар

ХАЛАЛ САЛАСЫНДА ИНДОНЕЗИЯМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТЫЛМАҚ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жыл басында Индонезияға жасаған ресми іссапары барысында екі ел арасында әріптестік ынтымақтастықты арттыру бойынша халал бағыты да күн тәртібінде болды. Индонезиямен басталған ынтымақтастық жұмыстарын жалғастыру мақсатында Астана қаласында ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы Индонезияның Қазақстандағы елшілігінің хатшысы Густаф Дауд мырзамен кездесті. 

Кездесуде тараптар Қазақстан мен Индонезия арасындағы халал өнімдер айналымын және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті халал өнім өндіруші кәсіпорындар санын арттыру, екі елдің халал стандарттау және сертификаттау жүйесінде өзара тәжірибе алмасу, мамандардың білімін жетілдірудің маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, Густаф Дауд мырза Діни басқарманың әр жылы өткізетін «HALAL EXPO» көрмесіне қызығушылық танытып, осы жылы өтетін үшінші «HALAL EXPO-2023» көрмесіне міндетті түрде қатысатынын және индонезиялық халал өнім өндіруші кәсіпорындарды да қатыстыру туралы ойын айтты.

Кездесу соңында наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы өзара ынтымақтастықты арттыруға мүдделі екенін жеткізді.

Бөлісу: