«Халал-Шариғат талабы» атты семинар өтті
“Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінде “Халал – шариғат талабы” атты семинар өтті. Дәрісті “Халал Даму” ЖШС ұйымының бас сарапшысы Айжан Қалмаханқызы Семейге арнайы іс-сапары барысында жоспарға сәйкес ұйымдастырған болатын. Жалпы, ақпараттық-танымдық кездесуге 40-қа жуық әйел жамағаты жиналған. Семинар барысында халал өнімдерін пайдаланудың тиімділігі, денсаулыққа пайдасы, асыл дініміздегі алар орны мен маңызы қозғалды. Жиын соңында кездесуге жиналған қыз-келіншектер арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, өзара пікір алмасты.