«ХАЛАЛ – ШАРИҒАТ ТАЛАБЫ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ
«Халал Дамудың» Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаты мен имамдарға «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда жергілікті өкіл Ерлан Тайлақов пен технолог Мейіржан Тілектес дәріс оқыды.
Семинар барысында халал өнім өндіру технологиясы, шариғатқа сай халал мен харамды ажырату мәселелері, кәсіпорындарда аудиттің жүргізілуі, зертханалық тексерістің орындалуы, тағамдық қоспалар халалдығының маңызы секілді өзекті мәселелер қозғалды. Мамандар қатысушылар сауалдарына жауап беріп, шариғат талабы – халал тақырыбын кеңінен түсіндірді.