ХАЛАЛ ТУРАСЫНДА ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ
«Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жұмабеков Жанәбіл Кемертоған мешіті жамағатына халал турасында дәріс өткізді.
Семинар барысында маманымыз «Халал және харам» тақырыбына кеңінен тарқатып, шариғатымыздағы халал мен харам түсінігі, адал астың құлшылығымыз мен күнделікті өмірімізге беретін пайдасын ашып айтты. Сонымен қатар, харамның ақыретіміз бен денсаулығымыз үшін тигізер зиянына да тоқталып өтті. Дәріс соңында қатысушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға тұщымды жауап берілді.