Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 мамыр 2021

66

Жаңалықтар

ХАЛАЛ ЖӘРМЕҢКЕ ЖҰМЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін, Алматы қаласында ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлының төрағалығымен  "Халал Даму" ұйымының жиыны өткізілді. "QMDB HALAL" өнімдер жәрмеңкесін пысықтауға арналған жиналысқа "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы мен орталық аппарат қызметкерлері, халалдың облыстық және қалалық жауапты өкілдері қатысты.

Жиында 28 мамыр күні Алматы қалалық орталық мешітінің алаңында өткізілетін алғашқы ауқымды жәрмеңкеге дайындық шаралары талқыланып,  негізгі міндеттер мен тапсырмалар бекітілді. 

"Кәсіпкерлік – ел экономикасының негізгі қозғаушы күші. Адал жолмен кәсіп қылып, елге қызмет ету – Алла Тағаланың әр мұсылманға жүктеген міндеті. Ал, ел игілігі үшін адал өнім өндіріп, тұтынушылар қолданысына ұсынатын халал кәсіпорындарды насихаттау біздің міндетіміз. Халал өнімдердіхалыққа таныстыру мақсатында ұйымдастырған алғашқы ауқымды жәрмеңке, пандемиялық режимге байланысты еліміздің Оңтүстік өңіріндегі кәсіпорындар қатысады. Алайда, жәрмеңке отандық БАҚ құралдары  арқылы көрерменге тікелей эфирде, онлайн режимде ұсынылатын болады. Сондықтан, ауқымды шараны өз деңгейінде атқаруға тиіспіз", – деді Ершат Ағыбайұлы.

"Халал өнімдердің алғашқы ең ауқымды жәрмеңкесіне еліміздің оңтүстік өңіріндегі  кәсіпорындар қатысады. Жәрмеңкеде өз өнімдерін ұсынатын қатысушылардың көпшілігі – отандық ең үздік өндірушілер. Алматы облысы, Алматы қаласы, Талдықорған, Жамбыл облыстық кәсіпорындардың сүт өнімдері, ет, шұжық, балық, мұздатылған жартылай дайын өнімдер, сондай-ақ кондитерлік және снэк өнімдер, бал, жаңғақ, кептірілген жемістер мен көкеністер, емдеу-профилактикалық өнімдер мен дәмдеуіштер, залалсыздандырғыш және жуғыш заттар ұсынылады. Сонымен қатар, халықтың жәрмеңкеде «QMDB HALAL» өнімдердің түрлі ассортиментін нарықтан төмен, қосымша үстемесіз, тікелей өндірістік бағада алуға мүмкіндік жасаудамыз", – деген Айбек Асқарбекұлы жәрмеңкеге дайындықтың қызу жүріп жатқандығын жеткзіді.


Бөлісу: