«ХАЛИФА ҚАЖЫ АЛТАЙ» МЕШІТІНДЕ СЕМИНАР
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылдық «Халифа қажы Алтай» мешітінде жамағатқа семинар ұйымдастырылды. Семинарда халалдың жергілікті өкілі Жанәбіл Жұмабеков дәріс оқыды.
Семинар барысында шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызы жөнінде түсіндірген өкіліміз: «Алла пендесі үшін нені халал десе, ол сырда қайыр мен хикмет бар, ал нені харам десе, онда адам ғұмыры үшін ұшан-теңіз зиянның бар екендігі күмәнсіз», – деп халалдың салмағы мен сұрауы мол екендігін жеткізді.
Сонымен қатар, халал өнімдер технологиясы мен стандарт талаптары, зертханалық тексерістің маңыздылығы, тағамдық қоспалар жөнінде баяндап, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.