«Хамле» кондитерлік кәсіпорны тексерілді
«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен Алматы облысының жауапты инспектор-контролері Жанәбіл Жұмабеков еліміздегі алпауыт өндіріс орындарының бірі «Хамле Компани ЛТД «ШК» ЖШС кондитерлік цехында кезекті бақылау-қадағалау шараларын жүргізді.
Шикізаттары мен тағамдық қоспалары, өнім өндіру, өңдеу технологиясы, дайын өнімдерді сақтау, тасымалдау, сату кезеңдері толықтай тексеріліп, нәтижесінде бекітілген халал стандарты талаптарына қайшы жағдайлар анықталмады.
Естеріңізге сала кетейік, аталған кәсіпорынның «Хамле», «Ulker», «McVitie’s Digestivies», «Alpella» сауда белгісімен шығарылатын 103 түрлі кондитерлік ұн және шоколад өнімдері «Халал өнімдерін өндіруге, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай сертификатталған болатын.