Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

15 маусым 2022

138

Жаңалықтар

"Хамралиев А.П" шұжық цехы тексерілді

Жамбыл облысына жауапты "Халал Даму" мамандары Нұрмаджан Миразизов пен технолог Аблайхан Кәріпбаев өңірдегі  "Хамралиев А.П" шұжық цехында жоспардан тыс тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Бақылау-қадағалау барысында шикізаттары, тауық өнімдері, тағамдық қоспалар мен дайын өнімдердің халал стандартқа сәйкестігі қадағаланды. Сонымен қатар, өндіріс құралдары мен цехтың санитарлық тазалығы да назардан тыс қалмады. Дайын шұжық өнімдерін сақтау, тасымалдау және сату кезеңдерінің де бекітілген талаптар бойынша жүзеге асуы бақыланды.

ЖК "Хамралиев"  цехының шұжық өнімдері "Таза Ет", "Елім", "Шейх" сауда белгілерімен кеңінен таралған. Мамандар аталған шұжық өнімдерінің халал талаптарын сақтай отырып өндірілетіндігіне көз жеткізіп, оң бағасын берді.

Бөлісу: