«Hani cakes & coffee» сертификаты жаңартылды
Халал Даму директоры Айбек Асқарбекұлының Қарағанды қаласына арнайы іссапары барысында өңірдегі кондитерлік өнімдері сертификат жаңартылды
«Hani cakes & coffee» мекемесінің торттары мен десерттері «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификаты жаңартылды. Кондитерлік өнімдерді дайындауда қолданылатын тағамдық қоспалар мен шикізат көздері технолог мамандар тарапынан тексерілді.
«Шакабаев М.Р» кәсіпорнына тиесілі «Hani cakes & coffee» тәтті өнімдерін Қарағанды қаласының келесі мекен-жайларынан ала аласыздар:
В.Чкалов көшесі, 2;
Н.Гоголь көшесі, 68;
Шахтерлер көшесі, 52а.
«Hani cakes & coffee» кондитерлік өнімдерінің «ҚМДБ халал» стандартына толықтай сай екендігін хабарлаймыз!