«Happy Cake» кондитерлік өнімдері «ҚМДБ халал» сертификатын жаңартты
Ақтау қаласындағы «Happy Cake» кондитерлік өнімдері «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатын жаңартты.
Аталмыш тамақтану орнының халал стандарттарына сай қызмет ету ниетіне байланысты және арнайы тексерістерден кейін, «Халал Даму» ЖШС-нің Маңғыстау облысындағы жауапты өкілі Іздібай Бегенұлы мекеме басшылығына «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша арнайы құжатты табыс етті.
«Happy Cake» кондитерлік өнімдеріне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 02.09.2022 – 01.09.2023.
«Happy Cake» кондитерлік өнімдерінің мекен-жайы: Ақтау қаласы, 17 шағын аудан, 6/1 үй.