Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

17 маусым 2021

311

Жаңалықтар

"JAIN LABO" КОСМЕТИКАЛЫҚ ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Отандық "Husna", "Jain laboratory" косметикалық өнімдері "QMDB HALAL" сертификатына ие болды. Сертификатты Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан табыстады. Сертификаттау рәсімене "Халал Дамудың" Алматы қаласы бойынша жауапты бақылаушы өкілі Чадаев Маратхан да қатысты.

"Хусна – елімізде жасалған алғашқы отандық косметикалық өнімдердің бірі. Кәсіпорынның басты мақсаты – шариғат талаптарына сәйкес отандық өнімді шығару, ал басты міндеті - өнімнің адалдығы мен қауіпсіздігі", – дейді өндірушілер.

"Сұлулықты жаны сүйетін арулар косметикалық өнім сатып аларда сауда маркасы мен бағасына қарап жатады. Алайда, асқазанымызға түскен астың ғана емес, күнделікті қолданатын, бет, қол, дене күтіміне арналған косметикалық өнімдер мен декоративті косметикалық құралдардың құрамына да назар аударған маңызды. Себебі, косметикалық өнімдердің құрамында адам денсаулығына зиянды, шариғат бойынша қолдануға рұқсат етілмейтін, халал стандарты талаптарына сай емес қоспалар кездесуі әбден мүмкін. "Husna", "Jain laboratory" косметикалық өнімдерін дайындауда қолданылатын шикізаттар мен қоспалар лабороториялық сынақтан өткізілді. Инспектор-контролер мамандарымыз өндіріс аумағында ревизорлық бақылау шараларын жүргізді. Тексерістің оң қорытындысынан кейін "EJYM innovation group" косметикалық кәсіпорнының 27 түрлі өнімі  "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай деп танылды", – дейді сертификаттау жұмыстарын жүргізген "Халал Дамудың" бас сарапшы технологы Айжан Омарова.

"EJYM innovation group" косметикалық кәсіпорнына берілген "QMDB HALAL" сертификаты 10.06.2021-09.06.2022ж мерзімі аралығында жарамды екенін және "Husna", "Jain laboratory" косметикалық өнімдерінің "QMDB HALAL" стандартына сай, халал екендігін хабарлаймыз!


Бөлісу: