Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

08 қараша 2024

184

Жаңалықтар

«IHSAN MEDIA» ПОРТАЛЫНА СҰХБАТ БЕРІЛДІ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Қарағанды облысындағы іс-сапары барысында «Әнет баба» мешітінің «Ihsan Media» ақпараттық каналына халал стандарттау және сертификаттау жөнінде сұхбат берді.

«Қазіргі таңда халал индустриясының дамуы тек халал өнімдердің сапасын бақылап қана қоймай, сонымен қатар халықтың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады. «Халал Даму» ұйымы осы бағытта бірқатар шаралар атқаруда. Біз өзімізге қойылған мақсаттар мен міндеттерді толық орындап, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Атап айтқанда, 1800-ден астам отандық және шетелдік кәсіпорынды сертификаттап, халықаралық тәжірибеге негізделген 6 стандартты әзірлеп бекіттік. Елімізде алғаш рет халықаралық «HALAL EXPO» көрмесін Астана, Алматы, Шымкент сияқты мегаполистерде және Тараз қаласында 4-ші рет өткіздік. Сонымен қатар, Малайзияның Исламды дамыту департаментінен (JAKIM) аккредиттеуден өтіп, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) негізіндегі Ислам елдерінің стандарттары мен метрология институты (SMIIC), Ресей, Татарстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Монғолияның халал стандарттау және сертификаттау мекемелерімен ынтымақтастық жөнінде меморандум бекітілді. Халал стандарттау және сертификаттау процессі тек өнімнің сапасы мен тазалығын ғана емес, сондай-ақ өндірістің этикалық нормаларға сай болуы, оның ішінде еңбек жағдайлары, экологиялық талаптар және өндірістік процестердің адалдыққа сай болуы сияқты маңызды аспектілерді қамтиды. Сонымен қатар, халал индустриясының дамуы отандық кәсіпорындар санының ұлғаюына оң әсерін тигізуде», – деп халал стандартының тек ішкі нарықта ғана емес, халықаралық деңгейде де маңызды рөл атқаратынын жеткізді.


Бөлісу: