
ІЛЕ АУДАНЫ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР
Алматы облысы Іле ауданынының имамдарына «Халал – шариғат талабы» тақырыбында оқу-семинар ұйымдастырылды. Семинарда «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Жанәбіл Ахметбекұлы пен мешіт имамы дәріс оқыды.
Семинар барысында қатысушыларға халал стандарттарының шариғаттағы орны, оның мұсылман өміріндегі маңызы және қазіргі заманғы халал индустриясының дамуы туралы кеңінен мағлұмат берілді.
«Халал Даму» өкілі Жанәбіл Жұмабеков халал өнімдерді сертификаттау үдерісі, олардың ерекшеліктері және кәсіпорындарға қойылатын талаптар жөнінде баяндама жасады. Ол сондай-ақ халал өнімдерді бақылау мен тұтынушыларға дұрыс ақпарат жеткізудің маңыздылығына тоқталды. Ал, мешіт имамы халалдың тек тағаммен шектелмейтінін, оның кәсіпкерлік, қаржы және күнделікті тұрмыс салаларындағы орны ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ, шариғатқа сай адал табыс табу мен мұсылман кәсіпкерлерінің жауапкершілігі жөнінде насихат жүргізді.
Семинар соңында имамдар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, халал стандарттарын сақтау бойынша тәжірибелік кеңестер алды. Шара соңында «Халал Даму» тарапынан қатысушыларға арнайы ақпараттық материалдар таратылып, сертификатталған кәсіпорындар туралы мәлімет берілді.