Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 қыркүйек 2023

238

Жаңалықтар

ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық «Имам Мухаммед» мешітінде имамдарға «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарды жергілікті өкіл Жанәбіл Жұмабеков өткізді. 

«Мешітте халал сертификаттау және стандарттау процессі, өнім мен өндіріс орындарын шариғат талабына сәйкестендірудің маңызы, халал жөнінде халыққа үгіт-насихат шараларын арттыру жөнінде семинарлар өткізу дәстүрге айналды. Өйткені, оның барша имамдарға берері мол. Сонымен қатар, осындай басқосу барысында олар бір-бірімен тәжірибе алмасып, халал жөніндегі білімдерін толықтыра түседі. Болашақта да осындай семинарларды ұйымдастыра бермекпіз, - дейді өкіл Жанәбіл Жұмабеков.

Бөлісу: