Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 қазан 2022

111

Жаңалықтар

Өңірлік өкілдердің жылдық есебі тыңдалды

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлының төрағалығымен елордаға жиналған «Халал Дамудың» өңірлік өкілдеріне арнайы оқу-семинар жүргізіліп,  әр өңір бойынша атқарылған жұмыстардың жылдық есебі тыңдалды. Жиынға «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен мекеме қызметкерлері қатысты.

Жиында жыл қорытындысы бойынша облыстағы жүргізілген жұмыстардың есептік көрсеткіштері, заңсыз пайдаланушыларға қатысты қолданылатын шаралар, құжат жүргізу тәртіптерінің қадағалану мәселелері қозғалды.

Е.Ағыбайұлы: «Халал – тәннің саулығы, жанның азығы, шариғаттың талабы. Халал өндірісінің дамуы мен адал өнімге деген ел сұранысының артуы отандық халал нарығының бәсекеге қабілетінің көрінісі.«Халал Даму» еліміздегі жан-жақты кәсіби мамандарды біріктірген, діни басқарманың басты бағыты бойынша жұмыс жасайтын мекеме. Соның бір көрінісі — кеше бастау алған «HALAL EXPO-2022» көрмесі. Отандық тұтынушылар мен шет елдік қонақтардың, түрлі кәсіпкерлердің басын қосқан мұндай игі шара алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенемін», – дей келе өкілдер есебін тыңдап, халалды дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлерге алғысын білдірді.

А.Асқарбекұлы жыл бойы атқарылған шаралар мен  үздік нәтижелерге алғысын білдіре отырып, сертификаттау процессін одан әрі жетілдіруді және іс-қағаз жүргізу бағытын жүйелендіруді тапсырды.

Сонымен қатар, ветеринарлық санитария ісі, тағам қауіпсіздігі, халал медициналық препараттар,  зиянды тағам өндірісінің адам организміне әсері т.б өзекті тақырыптар бойынша өңірлік өкілдерге оқу-семинар өткізілді. 


Бөлісу: