Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

25 қаңтар 2024

116

Жаңалықтар

ӨҢІРЛІК ТЕХНОЛОГТАР ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ

Өңірлік өкілдер мен технологтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған республикалық семинардың екінші күнінде мамандар өндірістік тәжірибеден өтті.

Тәжірибе барысында мамандар кондитерлік кәсіпорындар, фаст-фуд дәмханалары, шұжық цехтары, қоғамдық тамақтану орындары секілді ірі өндіріс орындарында болып, халал өнім өндіру технологиясымен танысты. Сонымен қатар, стандарт талаптарына сай өнім өндіру, тасымалдау, сақтау, сату, зертханалық тексерістің жүргізілуі секілді процесстердің орындалу барысын бақылады. Және де сертификаттау барысында іс-қағаз құжаттарының дұрыс жүргізілуі, толтырылуы, жинақталуы, тапсырылуы, сақталуы да толығымен түсіндірілді.

Айта кетейік, республикалық семинар аясында халал сертификаттау саласында қызмет ететін өкілдік мамандарына теориялық және практикалық бөлімнен тұратын семинар-трениг ұйымдастырылған болатын.

Бөлісу: