Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

15 желтоқсан 2020

530

Мақалалар

Ішімдік ішкен ана (қызықты зерттеу)

**Швейцариялық дәрігер мынадай қызық жайды баяндап жазады. Дәрігер дүйсенбі және бейсенбі күндері емшек емгеннен кейін, аяқ-қолы дірілдеп талып қала беретін нәрестенің сырқатының себебін анықтайды.** Әлгі нәресте тек қана дүйсенбі және бейсенбі күндері талып қалатын көрінеді. Дәрігер әуелі анасын тексеріп, дені сау екендігін анықтайды. Сонан соң тексере келе сәбидің анасының аптасына екі рет, сәрсенбі және жексенбі күндері жұмысқа бармай демалатынын анықтайды. Міне, дәл осы демалыс күндерінде әлгі әйел аздап шарап ұрттайтын көрінеді. Сөйтіп келесі күні ана қанындағы алкоголь емшек сүті арқылы нәрестенің организміне өтіп, оны талма ауруға ұшыратқаны анықталады. Осы оқиғадан кейін әйел байғұс шарап ұрттауды сап тыяды және көп өтпей нәрестенің қалтырап-дірілдеп талып қалуы да басылған екен. Медициналық практикада болған тағы бір қызықты жағдай: өкпесі қабынып ауырған 6 айлық баланың кеудесіне шешесі күніне 3 рет арақпен компресс жасайды. Компресті үшінші күні жасағанда, нәрестенің уланғаны байқалады. Сәби есінен танып, терісі бозарады. Денесінен суық тер шығып, қызуы көтеріледі. Нәрестенің демінен спирттің исі шыға бастайды. Осылайша нәресте 17 сағаттай ауыр халде жатып, 4 тәуліктен кейін ғана есін әрең жиған көрінеді. Өкінішке орай, ата-аналар көп жағдайда спирттік өнімдерді емдік мақсатпен жас балаларға қолдана береді. Нұрбек Қайырмұхаммед (www.muslim.kz) сайтынан алынды

Бөлісу: