ҰЙҒЫР АУДАНЫНЫҢ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР
Алматы облысы, Ұйғыр аудандық орталық мешітінде жергілікті жамағатқа «Халал ас – жан азығы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Жанәбіл Жұмабеков дәріс оқыды.
Семинар барысында халалдың мағынасы мен мәні, шариғат талаптарына сай тағам тұтынудың артықшылықтары және халал мен харамды ажыратудың негізгі қағидалары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушыларға тағам өнімдерін таңдауда мұқият болу, сертификатталған кәсіпорындардың өнімін тұтыну және тұрмыста халал қағидатын ұстанудың маңыздылығы жайында пайдалы мәліметтер берілді.
Жергілікті жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.

