Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 маусым 2023

432

Жаңалықтар

«KAZBEEF» тексерілді

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Халал Даму стандарттау және сертификаттау ұйымының сарапшы технологтары Қабыкенов Нұрбек, Тілектес Мейржан және Ақмола облысы бойынша жауапты Муталов Науан “QMDB HALAL” сертификатына сәйкес кәсіпорынға кезектен тыс бақылау шараларын жүргізді.

«Kazbeef» дайын өнім ассортиментін жақсарту және тамақ қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша үнемі жұмыс істейді.

FSSC 22000 сертификаттау шеңберінде, компания азық-түлік қауіпсіздігі менеджментінің жыл сайынғы халықаралық аудитінен өтеді, ал қызметкерлер тиісті оқытудан өтеді.

Сиыр етінің жоғары сапасына кепілдік беруден басқа, интеграцияланған тәсіл нарықтағы үрдістердің өзгеруіне тез жауап қайтаруға, дайын өнімді әлемдік трендтерге сәйкес үнемі жетілдіруге, сондай-ақ тұтынушының барлық тілектерін орындауға мүмкіндік береді.

Аудит барысында кәсіпорын қызметкерлеріне халал астың шариғаттағы орны, оның пайдасы, адал ас өнідіру барысындағы тазалық мәселелері жөнінде айтылды.

Аталмыш кәсіпорындар халал стандарттарына сай екенін мәлімдейміз. Халал Дамудың тексеріс жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.

Бөлісу: