Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

17 қаңтар 2025

45

Жаңалықтар

КІТАПХАНА ОҚЫРМАНДАРЫНА СЕМИНАР

«Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі Қазбек Сарыбаев пен технолог Аружан Аралбай «Абай» атындағы кітапхананың оқырмандарымен кездесті. Кездесу барысында «Адал астың маңызы» тақырыбында семинар өткізіліп, қатысушыларға халал азық-түліктің артықшылықтары мен денсаулыққа пайдасы туралы кеңінен мағлұмат берілді.

Сонымен қатар, халал стандарттарына сәйкес өнімдерді таңдау жолдары, сертификаттау процесі жайлы түсіндірілді. Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, халал өмір салтын ұстанудың маңызына ерекше назар аударылды.

«Мұндай кездесулер халық арасында адал тамақтанудың мәдениетін қалыптастыру мен оның қоғам үшін маңыздылығын арттыруға бағытталған», – деп атап өтті маманымыз.

Бөлісу: