Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

14 қаңтар 2025

141

Жаңалықтар

КӨКШЕТАУ: «EVDE» ДӘМХАНАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

«Көкшетау» қаласындағы «Evde» қоғамдық тамақтану орнында айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технолог Мейіржан Бауыржанұлы, халалдың жергілікті өкіл Науан Муталов орындады.

Аудит барысында ас мәзірінде ұсынылатын тағамдардың халал стандарттарына сәйкестігі тексерілді. Әсіресе, шикізаттың сапасы, сақтау шарттары, дайындық процестері және қызметкерлердің санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау деңгейі назарға алынды. Аудит аяқталған соң, мекеме қызметкерлеріне халал талаптары бойынша қосымша кеңестер беріліп, ұсыныстар айтылды.

«Халал Даму» ұйымы мұндай бақылау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп, тұтынушыларға адал әрі сапалы қызмет көрсетуге үлесін қосуда», – дейді жергілікті маманымыз.

Бөлісу: