Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

11 қыркүйек 2024

824

Жаңалықтар

«КӨРКЕМ ӘЛЕМ» ЕТ КОМБИНАТЫ ТЕКСЕРІЛДІ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының Маңғыстау өңіріне іс-сапары барысында «Көркем әлем» ет комбинатында аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау шараларына жергілікті өкіл Іздібай Бегенұлы да қатысты.

 «Көркем әлем» ет өңдеу және ет өнімдерін даярлау комбинаты – Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы ірі кәсіпорындардың бірі. Ет комбинаты заманауи құрал-жабдықтармен, соңғы техникалық аппараттармен жабдықталған. Сонымен қатар, жұмыс барысы әлемдік стандарт талаптарына негізделіп, толықтай автоматтандырылған. Өндірістің санитарлық тазалығы өте жоғары деңгейде. Қасапшылар ірі малды бекітілген халал стандарты талаптарына сай бауыздап, еттерін өңдеуде. Дайын өнім кәсіпорынның ет дүкеніне жіберіледі. Ет өнімдерін тасымалдау, сату барысында да шариғат және стандарт талаптары толықтай орындалуда. Аудит нәтиже оң нәтиже көрсетті», – дейді Айбек Асқарбекұлы.


Бөлісу: