Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 қыркүйек 2025

24

Жаңалықтар

КӨРМЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА СЕМИНАР

«Halal EXPO 2025» халықаралық көрмесі аясында шет елдік әріптестермен тәжірибе алмасу мақсатында семинар ұйымдастырылды. Семинарда Ресей мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халықаралық халал стандарттау және сертификаттау» орталығының директоры Айдар Газизов, Белоруссия мұсылмандары діни басқармасының найб мүфтиі, «БелХаляль» стандарттау және сертификаттау орталығының директоры Рустам Хасенеевич және «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы дәріс оқыды.

Семинар барысында халал индустриясының даму перспективалары, стандарттау мен сертификаттаудағы өзекті мәселелер, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты арттыру жолдары талқыланды. Спикерлер әр елдегі халал талаптарының ерекшеліктері мен тәжірибелерімен бөлісіп, халалдың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, қатысушыларға заманауи халал нарығындағы трендтер, тұтынушылардың сұранысы мен кәсіпорындардың жауапкершілігі жайлы құнды ақпарат берілді. Іс-шара аясында тараптар өзара келісімдерге келіп, болашақта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Бөлісу: