Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 қыркүйек 2025

26

Жаңалықтар

КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ КӘСІПОРЫНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

«Halal EXPO 2025» халықаралық көрмесі аясында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы көрмеге қатысушы кәсіпорындарға алғысын білдіріп, арнайы «Алғыс хаттармен» марапаттады.

Айбек Асқарбекұлы өз сөзінде халал индустриясының дамуына үлес қосып жүрген отандық және шетелдік кәсіпорындардың еңбегін ерекше атап өтті. Ол кәсіпкерлердің адал өнім өндіру арқылы қоғамға пайдасын тигізіп қана қоймай, халықтың сенімін нығайтуға зор үлес қосып жатқанын айтты.

Сонымен қатар, «Халал Даму» директоры көрме барысында таныстырылған жаңа өнімдер мен сервистердің халал стандарттарының дамуына серпін беретінін жеткізді. Шара соңында кәсіпорын өкілдеріне алғысын білдіріп, олардың табысты қызметіне сәттілік тіледі.

Бөлісу: