Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

14 қазан 2022

124

Жаңалықтар

«Ұлттық аккредиттеу орталығы» мамандарымен кездесу

Бүгін Ұлттық аккредиттеу орталығы мен «Халал Даму»  мамандары дөңгелек үстелде бас қосты. Жиынға «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы,  ҰАО департаментінің басшысы Алмат Орынғалиұлы және екі тараптың мамандары қатысты.

Басқосуда халал өнім мен қызметке қойылатын стандарт талаптарының қолданылуы, OIC/SMIIC-ке негізделген ұлттық халал стандаты жобалары мен халықаралық халал талаптары,  сонымен қатар,  OIC/SMIIC 2:2019 сәйкес халал стандарттау және сертификаттау мекемелеріне қойылатын талаптар талқыланды. 

Сондай-ақ жиында тұтынушылардың сертификатталған өнімдерге деген сұранысы мен сенімін нығайту, кәсіпорындардың халал белгісіне деген сұранысын арттыру секілді өзекті мәселелер талқыланды. Жиын соңында А.Асқарбекұлы қонақтарды 19~20 қазанда Астана қаласында  өткізілетін халықаралық «HALAL EXPO-2022» көрмесіне шақырды.

Бөлісу: