ҰЛЫТАУ ОБЛ.: «ХАЛАЛ – ШАРИҒАТ ТАЛАБЫ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ
«Халал Дамудың» Ұлытау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен мешіт жамағатына «Халал – шариғат талабы» тақырынба кезекті семинар өткізілді. Семинарда халалдың өкілі Дархан Бейсенбаев дәріс оқып, жамағатқа шариғаттағы халалдың орны мен маңызын түсіндірді.
Семинар барысында халал өнім өндіру технологиясы, шариғатқа сай халал мен харамды ажырату мәселелері, кәсіпорындарда аудиттің жүргізілуі, зертханалық тексерістің орындалуы, тағамдық қоспалар халалдығының маңызы секілді өзекті мәселелер қозғалды.