Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

06 наурыз 2023

78

Жаңалықтар

Ұлытау облысында кезекті тексерістер

Наурыз айы бойынша айлық тексеріс Ұлытау облысында да қызу жүріп жатыр. ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің технолог маманы Кабыкенов Нұрбек пен Ұлытау облысы бойынша жауапты өкілі Дархан Бейсенбаев жергілікті кәсіпорындарды тексерді.

"QMDB Halal" сертификатына ие "Happy Cake" кондитерлік цехы тексерілді. Сонымен қатар сертификат алуға ниетті біршама кәсіпорындар тексерілен. Олардың қатарында "Palau", "Ифтар", "Диар сэндвич" және "Сыбаға". Қорытынды акт бойынша, мекемелерде стандарт талаптарын сақтамау және бұзушылық болмады. Тексеріс оң нәтижені көрсетті.

Алдағы уақытта қалған кәсіпорындарда айлық тексеріс жалғасатын болады.


Бөлісу: