Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

08 қараша 2024

193

Жаңалықтар

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛУДЕ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог Нұрбек Қанатұлының Ұлытау облысына іс-сапары барысында жергілікті кәсіпорындарда аудит жұмыстары жүргізді. Атап айтқанда, «Uly Dalal Co.» қасапханасы, «Жанболат» шаруа қожалығы, «Nur» жартылай фабрикаттар дайындайтын кәсіпорын цехы тексерілді.

Қасапханалардағы аудит барысында малдың жем-азығы, қасапхананың ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі, сондай-ақ қолданыстағы құрал-жабдықтардың тазалығы мен стерильділігі тексерілді. Аудит барысында қасапшыларға халал талаптарына сай мал сою мен ет өңдеу процесінің маңыздылығын түсіндіріп, халал стандарттау және сертификаттаудың ерекшеліктері мен талаптарын жеткізді.

«Nur» жартылай фабрикаттар дайындайтын цехта жүргізілетін аудит барысында өндірістегі шикізаттар мен тағамдық қоспалар, өндіріс орнының тазалығы, құжаттамасы қадағаланды.

Аудит барысында, кәсіпорын өкілдеріне халал талаптарына сай жұмыс жасау үшін нақты ұсыныстар мен кеңестер беріп, шариғат нормаларын сақтауға шақырды. Сондай-ақ, халал таңбасы тек коммерциялық пайда көзі емес, шариғат талабы екенін атап өтті.


Бөлісу: