Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

05 ақпан 2024

103

Жаңалықтар

ҰЛЫТАУДА ХАЛАЛ ХАҚЫНДА СЕМИНАР

Халалды насихаттау шараларынан тыс қалмаған Ұлытау өңірінің өкілі Дархан Бейсенбаев жергілікті жамағатқа халал хақында кезекті семинарын өткізді.

Семинар барысында Дархан Бейсенбаев адал астың адам рухына, денсаулығына, құлшылығына тигізер ықпалы мол екендігін және дұғамыздың қабыл болуы, деніміздің саулығы, ұрпағымыздың ұлағатты болуы – ішкен асымыздың адал болуына тікелей байланысты екендігін жеткізді.

Семинар соңында, қатысушылар сұрақтарына жауап беріп, сертификатталған халал өнімді тұтынуға шақырды.

Бөлісу: