"MAGNUM CASH & CARRY"-мен ЖҰМЫС БАСТАЛДЫ
Еліміздегі ең ірі сауда орындарының бірі – "Magnum Cash & Carry"супермаркет, гипермаркет және шағын форматтағы дүкендері "Халал Даму" тарапынан тексерістен өтуде. "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлының тікелей қатысуымен жүргізілген ревизорлық бақылау барысында Нұр-Сұлтан қаласы, Шымкент қаласы, Алматы облысы, Алматы қаласындағы "Magnum Cash & Carry" сауда орындары тексерілді.
"Magnum Cash & Carry" – серпінді дамып келе жатқан еліміздегі ең ірі сауда желісі. Кәсіпорын 2007 жылдың 14 қыркүйегінде құрылып, дәл сол кезде «Magnum»-ң алғашқы дүкені ашылды. Негізгі қызметі – халық кең тұтынатын тауарларды қолжетімді бағамен, жоғары сапада ұсыну. Мұндағы баға орташа есеппен орташа нарықтық бағадан бірнеше пайызға төмен. Еліміздің 10 қаласында бірнеше сауда орындары бар «Magnum Cash & Carry» сауда орнында күніне 300 000 мың тұтынушы сауда жасайды. Тұтынушылардың сұранысы және «Magnum Cash & Carry» кәсіпорнының ұсынысмен аталған сауда орындарын бақылау-қадағалаудан өткізуді жөн көрдік. Қазіргі таңда, "QMDB HALAL" стандартына сәйкес сертификаттау үшін қажетті жұмыстар жасалуда. Сертификаттауға қатысты өзге де жаңалықтармен алдағы уақытта бөлісетін боламыз! – деп мәлімдеді Айбек Асқарбекұлы.