Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

15 қыркүйек 2021

33

Жаңалықтар

"MAGNUM" ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЕМИНАР ЖАЛҒАСУДА

"Magnum Cash & Carry" сауда орындары қызметкерлеріне онлайн, офлайн форматта оқу-семинар шараларын өткізу жалғасуда. Бүгін "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлының төрағалығымен өткізілген онлайн семинарға ғұламалар кеңесінің мүшесі Медет Құрмашұлы, бас сарапшы-технолог Айжан Омарова, ветеринарлық-санитария ісінің маманы, технолог Данияр Сафиев және еліміздің әр өңіріндегі "Magnum" қызметкерлері қатысты.

"Magnum Cash & Carry" – серпінді дамып келе жатқан еліміздегі ең ірі  сауда желісі.  Аталған сауда орындарында халал өнімдердің кең ассортименті ұсынылғандықтан халал өнімдерді жеткізу, қабылдау, сақтау, дайындау және сату процесінде стандарттың барлық талаптары қатаң орындалып, технологиялық тізбек толықтай сақталуы тиіс. Осы орайда ревизорлық тексеріс шараларынан бөлек, ет қоймасы мен ет өңдеу, сату орындарындағы қызметкерлерге шариғат және халал стандартының маңызы, талаптары мен ерекшеліктері жөнінде оқу-семинар шаралары, кәсіби біліктілікті арттыру жобалары тұрақты түрде жүргізілуі тиіс", – деген Айбек Асқарбекұлы "Magnum" қызметкерлеріне арналған оқу-семинар шараларының әлі де жалғасатынын жеткізді.

"Қазақ халқы қашанда дастарқанындағы асының адалдығы мен құнарына мән берген. Малдың семіздігіне ғана емес, адал жолмен бауыздалуына да ерекше көңіл бөлген.Адам баласының қажетіне жаратылған төрт-түлік шариғат жолымен сойылмайынша, еті адал және таза болмайды. Абдулла ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте бауыздамай жеуге рұқсат етілген ет жөнінде: «Бізге екі өлексе ғана адал етілген, олар: балық пен шегіртке деп айтылған», - деген Медет Құрмашұлы мал сою және ет өңдеуге қатысты барлық шараларды шариғатқа сай, ең жоғары деңгейде орындау керектігін жеткізді.

"Magnum" сауда желілеріндегі ет және шұжық сататын орындарын сертификаттауға қатысты өзге де жаңалықтармен алдағы уақытта  бөлісетін боламыз!  

Бөлісу: