Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

25 шілде 2021

100

Жаңалықтар

"MAGNUM" САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫН ТЕКСЕРУ ЖАЛҒАСУДА

Еліміздегі ең ірі сауда орындарының бірі – "Magnum Cash & Carry"супермаркет, гипермаркет және шағын форматтағы дүкендерді тексеру жалғасуда. Бүгін, "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлының басшылығымен Шымкент қаласы, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы "Magnum" сауда орталықтарында кезекті ревизорлық бақылау-қадағалау жұмыстары жүргізілді.

"Республика бойынша қарқынды дамып келе жатқан "Magnum Cash & Carry" сауда орталықтарындағы ет және шұжық сататын орындарды "QMDB HALAL" стандарты бойынша сертификаттаудан өткізуге кәсіпорын тарапынан ұсыныс түскен болатын. Сол себепті, еліміздің 10 ірі қаласында орналасқан "Magnum" сауда орындарын тексерістен өткізу қолға алынды. Қазіргі таңда, республика бойынша маңызды бес аймақтағы "Magnum" сауда желілерін бақылаудан өткіздік.  Аталған сауда орындарында халал өнімдердің кең ассортименті ұсынылғандықтан халал өнімдерді жеткізу, қабылдау, сақтау, дайындау және сату процесінде стандарттың барлық талаптары қатаң орындалып, технологиялық тізбек толықтай сақталуы тиіс. Сарапшы-аудиторлардың тексерісі шикізат пен тағамдық қоспалардан бастап, өнімді сатуға дейінгі сатыларды түгелдей қамтитындықтан "QMDB HALAL" стандартына сәйкес сертификаттау үшін қажетті жұмыстарәлі де жасалуда. Сертификаттауға қатысты өзге де жаңалықтармен алдағы уақытта бөлісетін боламыз! – деген Айбек Асқарбекұлы "Magnum Cash & Carry" сауда орталықтарын тексеру жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

Бөлісу: