«Makı Makı» өнімдері сертификат жаңартты
Ақтау қаласындағы «Maki Maki» фаст-фуд өнімдері «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатын жаңартты.
Аталмыш тамақтану орнының халал стандарттарына сай қызмет ету ниетіне байланысты және арнайы тексерістерден кейін, «Халал Даму» ЖШС-нің Маңғыстау облысындағы жауапты өкілі Іздібай Бегенұлы мекеме басшылығына «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» стандарты бойынша арнайы құжатты табыс етті.
«Maki Maki» фаст-фуд өнімдеріне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 26.07.2022 – 25.07.2023.
«Maki Maki» дәмханасының мекен-жайы: Ақтау қаласы, 32б шағын ауданы, 22 үй.