Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

17 тамыз 2023

274

Жаңалықтар

«Макинск құс фабрикасы» тексерілді

Ақмола облысында орналасқан ірі құс фабрикаларының бірі Макинск құсфабрикасында бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. Кезекті тексеріс жұмыстарын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы орындады.

Ақмола облысы, Бұланды ауданында орналасқан құс фабрикасында жүргізілген тексеріс барысында құстардың жем-азығының таза болуы, шариғат және стандарт талаптарына сай қолмен бауыздалуы, қасапшылардың біліктілігі секілді өзге де ережеге сәйкес шарттардың орындалуы қадағаланды.

Аудит қорытындысы бойынша, шариғат шарттары мен халал стандарты ережелерін бұзу жағдайлары тіркелмеді.

Бөлісу: