Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

08 қараша 2022

86

Жаңалықтар

Ақмола облысы: «Макинская Птицефабрика» ЖШС қасапшыларына семинар өткізілді

Қасапшылардың діни сауатын жетілдіру мақсатында «Халал Дамудың» технологы, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Бақзейнелұлы мен жергілікті өкіл Муталов Науан семинар өткізді.

«КУС&ВКУС» сауда белгісіне ие құс фабрикасы қасапшыларының білімін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған семинарда шариғат талабына сай мал сою ережелері, мал сою мен ет өңдеуге қойылатын халал стандарт талаптары түсіндірілді. Шариғатқа сай мал бауыздау талаптары аят-хадис үкімдері, дін ғұламаларының еңбегі негізінде кеңінен тарқатылып айтылды.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ел игілігіне қызмет етуге шақырды.

Бөлісу: