Малайзиядағы Куала-Лумпур федаралды Бас мүфтиінің орынбасарымен кездесу өтті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің тапсырмасымен Малайзияға арнайы сапармен барған найб мүфти Ершат Ағыбайұлы мен Халал Даму директоры Айбек Асқарбекұлы Малайзиядағы Куала-Лумпур федаралды Бас мүфтиінің орынбасары Сахибус Жамали бин Мохд Аднан мырамен кездесті. Кездесу барысында Бас мүфтидің сәлемін жеткізді.
Сонымен қатар, екі ел арасындағы халықаралық байланыстарды нығайту, рухани қарым-қатынасты күшейту мәселелері сөз болды.
Малайзиялық әріптестер Діни басқарма жанындағы ғұламалар кеңесіне және заманауи пәтуалар шығару үлгісіне қызығушылық танытты. Алдағы уақытта өзара тәжірибе алмасу жұмыстары жалғасады.
Кездесуге Малайзиядағы Қазақстан елшілігінің бірінші хатшысы, аға дипломат Арсен Ануарбекұлы да қатысты.