Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

08 сәуір 2022

53

Жаңалықтар

Маңғыстау обл.: Әйел-қыздар жамағатына семинар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Маңғыстау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағатына арналған «Халал – тіршілік һәм құлшылық өзегі» атты семинар өтті. Семинарды облыстың бас имамы Ануар Ізімбайұлы мен «Халал Дамудың» бас сапаршы технологы Айжан Қалмаханқызы өткізді.

Семинар барысында, «Халал Даму» ұйымының жұмысы мен бағыты, халал сертификатының маңызы жөнінде ақпарат беріліп, шариғаттағы халал талаптары, өнім өндіру технологиясы, Е тағамдық қоспалардың бөлінісі мен ерекшеліктері көрнекілік слайд, кестелер мен түрлі бейнебаяндар арқылы баяндалып, ас үй иелеріне керекті кеңестер айтылды.

Семинар соңында қатысушылар сұрақтарына жауап беріліп, «Халал – шариғат талабы» кітабы таныстырылды.

Бөлісу: