Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

14 қыркүйек 2021

58

Жаңалықтар

МАҢҒЫСТАУ ОБЛ.: АЛҒАШҚЫ ХАЛАЛ ШҰЖЫҚ

Маңғыстау облысында алғашқы халал шұжық цехы сертификатталды. "КЕРЕМЕТ FOOD" кәсіпорнының шұжық және мұздатылған жартылай дайын өнімдері "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай деп танылды. Сертификатты Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы мен жергілікті инспектор-контролер Мажит Айтқожаев табыстады.

"КЕРЕМЕТ FOOD" өңіріміздегі "QMDB Halal" сертификатына ие болған алғашқы шұжық цехы. 2016 жылы Нұр-Сұлтан қаласында ашылып, 2021 жылы Ақтау қаласында өз жұмысын жалғастырған шағын цех күніне 1 тонна шұжық өндіреді. Бұл халал өнімді тұтынушы жергілікті халық үшін үлкен қуаныш. Бүгінгі күні шұжық цехы "Керемет Food", "Олжа", "Адал ет", "Атамекен" сауда белгілерімен шұжықтың 15-ке жуық түрін өндіреді. Жергілікті бақылаушы өкіл мен технологтар өндіріс аумағында бақылау қадағалау-шараларын өткізіп, тиісті өнімдерге зертханалық сынақ жүргізілді. "Керемет Food" шұжық цехы еліміздің маңғаз Маңғыстауындағы отандық жас кәсіпорындардың бірі. Отандық халал кәсіпорындарды қолдау – ел экономикасын арттыруға, халал индустриясын дамытуға бағытталған батыл қадамдардың бірі", – дейді Әнуар Ізімбайұлы.

Жергілікті халықтың оң бағасын алған "Керемет Food" шұжық және жартылай дайын өнімдеріне берілген "QMDB HALAL" сертификаты 26.08.2021-25.08.2022 мерзімі аралығында жарамды. "Керемет Food" өнімдерінің "QMDB HALAL" стандарты талаптарына сай екендігін хабарлаймыз!


Бөлісу: