Маңғыстау обл.: «Asia Milk» сүт өнімдері тексерілді
Маңғыстау облысындағы «Agargan» кәсіпорнының «Asia Milk» сүт зауытында бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. Ревизорлық бақылау жұмыстарын «Халал Дамудың» бас сарапшы технологы Айжан Қалмаханқызы орындады.
«Agargan» – Маңғыстау облысында сиыр мен түйе сүтін өңдейтін ірі кәсіпорындардың бірі. Сүт зауытында жүргізілген аудит барысында өндірістік шикізаттары, тағамдық қоспалары, техникалық құрал-жабдықтары, санитарлық тазалығы, қызметкерлердің бекітілген стандарт талаптарын сақтауы назарға алынып, өнім өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау барысындағы барлық процесс жіті қадағаланды. Бақылау-қадағалау барысында халал стандарты талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады», – деп хабарлайды Айжан Қалмаханқызы.