Маңғыстау обл.: Бас имам кәсіпкерлермен кездесті
ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС-нің Маңғыстау өңіріндегі жауапты өкілі Іздібай Бегенұлының ұйымдастыруымен облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде ерекше кездесу өтті.
Дөңгелек үстел басында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы өңіріміздегі «QMDB Halal» сертификатына ие болған өндіріс және сауда орындарының өкілдерімен сүбелі сұхбат құрып:
«Халал бұл тек тамақпен байланысты емес, мұсылмандардың денсаулығы мен өміріне тікелей әсер ететін ауқымды ұғым. Халал сертификатына ие болу – шариғаттың жоғары талаптарын сақтай отырып, кәсіптеріңізді жетілдіргендеріңізді білдіреді. Алла осы бағыттағы қадамдарыңызды қабыл алып, сауаптан жазсын. Алла істеріңізге береке берсін», – деп айтты.