Маңғыстау обл.: Өңірдегі бірқатар кәсіпорындар тексерілді
ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС-нің Маңғыстау облысындағы жауапты өкілі Іздібай Бегенұлы Маңғыстау облысындағы «QMDB Halal» сертификатын алған бірқатар өндіріс орындарына барып, бақылау-қадағалау шараларын жүргізді.
Аталмыш шаралар барысында «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартының сақталуы және өнімдердің бекітілген талаптарға сай өндірілуі тексерілді.
«Бүгінгі «Asia Milk», «BB sushi», «Берекет» ет дүкені, «Каспий құс», «Керемет FOOD», «Stambul et» ет дүкені сияқты өндіріс және сауда орындарындағы тексеріс нәтижесінде халал стандарт талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді», – деп хабарлады жергілікті өкіл Іздібай Бегенұлы.