Маңғыстау облысында 9 кәсіпорын тексерілді
«Халал Дамудың» бас сарапшы технологы Айжан Қалмаханқызының Маңғыстау облысындағы іс сапары барысында өңірдегі «Coffee River», «Saki Maki» дәмханалары, «Adal as Aktau» жартылай фабрикаттары, «ББ суши Мұнайлы», «Hfly» фаст-фуд өнімдері, «Plove_me» тағам дайындау және жеткізу кәсіпорнына, «Стамбул ет әлемі» және «Берекет» ет дүкендері, «Agargan» сүт фабрикасы тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларына жергілікті өкіл Іздібай Бегенұлы қатысты.
Тексеріс барысында «Coffee River» дәмханасы, «Hfly» фаст-фуд өнімдері мен «Agargan» сүт фабрикасының қолданыстағы өнімдеріне қатысты ескерту жасалынып, кемшіліктерді түзетуге үш күн уақыт берілді. Ал, қалған кәсіпорындардың өндірісі мен қызметі бекітілген халал стандарты талаптарына толықтай сай. Аудит соңында, «Plov_me» тағам дайындау және жеткізу кәсіпорнына «QMDB Halal» сертификаты табысталды. Кәсіпорынға берілген сертификат 31.03.2022-30.03.2023 жылдар аралығында жарамды екенін хабарлаймыз!