Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

15 мамыр 2025

21

Жаңалықтар

МАҢҒЫСТАУ: 19 КӘСІПОРЫН ТЕКСЕРІЛДІ

«Халал Даму» технологы Жанат Ахметқызының Маңғыстау облысына іс-сапары барысында «QMDB Halal» сертификатына ие 19 кәсіпорында аудит ұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларына жергілікті маман Іздібай Бегенұлы да қатысты.

Аудит барысында кәсіпорындардың халал стандарты талаптарына сәйкестігі жан-жақты тексерілді. Атап айтқанда, пайдаланылатын шикізаттардың құрамы, өндіріс процесінің кезеңдері, дайын өнімнің сақталу және тасымалдану жағдайлары, жұмысшылардың санитарлық-гигиеналық тазалығы мен діни талаптарды сақтау деңгейі қатаң бақылауға алынды.

Технолог Жанат Ахметқызы кәсіп иелерімен кездесіп, кейбір кәсіпорындарға өндірістегі кемшіліктер бойынша нақты ескертулер беріп, оларды жою жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, халал стандартына сай өнім өндірудің рухани әрі экономикалық маңыздылығы туралы ақпараттық жұмыстар да жүргізілді.

«Іс-сапардың басты мақсаты – өңірдегі халал сертификатына ие кәсіпорындардың қызметін тұрақты бақылап, тұтынушыға адал әрі сапалы өнім ұсынуға ықпал ету. Аталған тексеріс халал өндірістің жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, ішкі және сыртқы нарықтағы тұтынушы сенімін арттыруға бағытталған маңызды қадам», – деген маманымыз жалпы тексерістің оң нәтиже көрсеткендігін хабарлады.

Бөлісу: