Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

14 мамыр 2025

14

Жаңалықтар

МАҢҒЫСТАУ: БІРНЕШЕ КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Маңғыстау облысындағы бірнеше кәсіпорын «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Атап айтқанда, «Dekmy» сүт зауыты, «SAITUS» фаст-фуд өнімдері, «Nasr et» ет дүкені. «Халал Даму» мамандары Жанат Ахметқызы мен Іздібай Бегенұлы аталған кәсіпорындарда аудит жұмыстарын жүргізіп, кәсіпорын иелеріне халал сертификатын табыстады.

Сертификаттау процесі барысында кәсіпорындардың өндірістік процестері, шикізат пен қоспалардың құрамы, санитарлық-гигиеналық жағдайлары мен ішкі құжаттары жан-жақты тексерілді. Аудит барысында кәсіпорын иелері мен қызметкерлеріне халал стандартының талаптары, оның ішінде шикізат таңдау, өндірістік тазалық, өнімнің қауіпсіздігі мен адалдығы туралы толық ақпарат берілді.

Сондай-ақ, «Халал Даму» мамандары қызметкерлерге оқу-семинар өткізіп, халал өнім өндірудің маңыздылығына тоқталды. Жанат Ахметқызы өз сөзінде: «Халал стандартын сақтау – тұтынушының сенімі мен денсаулығына деген жауапкершілік. Бұл тек діни талап қана емес, сапа мен тазалықтың белгісі», – деп атап өтті.

Бөлісу: