Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

13 мамыр 2025

16

Жаңалықтар

МАҢҒЫСТАУ: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

«Халал Даму» технологы Жанат Ахметқызының Маңғыстау облысына іс-сапары барысында жергілікті мешіттің әйел жамағатына халал жөнінде оқу-семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында Жанат Ахметқызы қатысушыларға «Халал» ұғымының діни және технологиялық маңыздылығын түсіндіріп, шариғат талаптарына сай өнім өндірудің негізгі ережелерін баяндады.

Семинар барысында қатысушылар халал сертификаттаудың тәртібі, тағамдық қоспалардың (E-кодтар) шариғатқа сай келуі секілді тақырыптар бойынша мол мағлұмат алды. Жанат Ахметқызы нақты мысалдар арқылы халал мен харам арасын ажыратудың маңыздылығына тоқталып, халал өмір салтын ұстанудың рухани және физикалық денсаулыққа әсері жөнінде түсінік берді. Сондай-ақ, әйел жамағаты тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, күнделікті тұтынатын өнімдердің халал стандартына сәйкестігін анықтаудың жолдарын айтты.

Семинар соңында қатысушылар «Халал Даму» мекемесіне осындай маңызды әрі пайдалы ақпаратпен бөліскені үшін алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулердің жиі өткізіліп тұруын сұрады. Жергілікті мешіт және жамағат өкілдері мұндай семинарлардың өңірде халал мәдениетін қалыптастыруға үлкен септігін тигізетінін айтты.

Бөлісу: