МАҢҒЫСТАУ: КЕЗЕКТІ АЙЛЫҚ АУДИТ
«Халал Даму» технологтары Әселхан Сәбитқызы мен Мөлдір Анетқызы Маңғыстау облысындағы кәсіпорындарда аудит жұмыстарын жүргізуде. Бақылау-қадағалау шараларына халалдың жергілікті өкілі Іздібай Бегенұлы да қатысты. Аудит барысында «Happy Cake», «Barista business coffee», «Coffee original» дәмханалары тексерілді.
Тексеру барысында өндірістік аймақтар мен шикізат сақтайтын қоймалар, сондай-ақ дайын өнімдердің құрамы мен құжаттамалары мұқият сарапталды. Мамандар кәсіпорын қызметінің «QMDB Halal» стандарты талаптарына сәйкестігін тексеріп, өнім дайындау кезінде қолданылатын ингредиенттердің халал екендігіне көз жеткізді.
Сонымен қатар, қызметкерлерге санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, шикізатты бөлек сақтау және халал стандарттарын үздіксіз қадағалау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аудит қорытындысы бойынша бірқатар нысандарға ескертулер беріліп, олқылықтарды жоюға нақты ұсыныстар айтылды.



